Құрметті, ата-аналар!Ертең 26 сәуір күні С.Шарипов мектеп-интернатында сағат 1700-де «Ашық есік күні» болады. «Ашық есік» күнінде білім ордасының білім сапасының көрсеткіштері мен тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар, директордың шаруашылық ісі жөніңдегі орынбасарының атқарылған жұмыстары, мұғалім мен оқушыға қатысты кез келген мәселеге байланысты сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.
«Ашық есік» күні алдағы уақытта әр айдың соңғы жұмасы күн жоспарлы түрде ұйымдастырылады. Өтетін орны: Доссор кенті , Махамбет көшесі, 3 үй, С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатының оқу ғимараты, 1қатар, Өзін -өзі тану кабинеті
Келіңіздер! С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының білім ордасының есігі сіздер үшін ашық. Біз сіздерді күтеміз!