С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты ұжымы 1 қазан - қарттар күні және Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында білім беру саласына еңбек сіңірген ардагер ұстаздарды құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Қарттар - біздің асыл қазынамыз, олардың бойындағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Ардагер ұстаздар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек етті. Ардагер ұстаздарымызға еңбектерінің зейнетін көріп, дендері сау болып, ұрпақ қызығын көруді бір Алла нәсіп етсін. Ұстаздар мерекесі құтты болсын.