Мақат ауданы С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатының түлегі, "Алтын белгі" иегері Қонанова Айсана мемлекеттік білім гранты иегері атанды. Айсана С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне, фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетіне оқуға түсті. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын.