Мақат ауданы, С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатында тамыз айының 14-і күні жоспарға сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Кулбатырова Шамсия Султановна "Қашықтан оқыту жағдайында сабақты жоспарлау тақырыбында zoom платформасында онлайн коучинг өткізді. Аталмыш шара аясында Шамсия Султановна қашықтан оқыту жағдайындағы сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру жолдарын көрсетіп, пайдалы ақпаратпен бөлісті.