Мақат ауданы, С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатында тамыз айының 12-сі күні жоспарға сәйкес математика пән мұғалімі Оңалбаева Жайнагүл Есенқызы қашықтан оқыту кезінде қолданылатын Prezi.com және Google forms қосымшалары туралы түсінік беру мақсатында мектеп педагогтарына "АКТ-ны меңгеру - заман талабы" тақырыбында zoom платформасында онлайн вебинар өткізді. Аталмыш шара аясында Жайнагүл Есенқызы Google forms қосымшасында оқушы білімін тексеру үшін тест тапсырмаларын құрастыру жолдарын көрсетіп, пайдалы ақпаратпен бөлісті.