Құрметті ата-аналар!
Карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты С.Шарипов атындағы мектеп- интернатына 1- сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 20 тамызға дейін ұзартылды. Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.