Құрметті ұстаздар және жас мамандар! "С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернаты" КММ 2022-2023 оқу жылына бос орындарға пән мұғалімдеріне және жас мамандарға төмендегі біліктілік бойынша педагог кадрлардың конкурсын жариялайды: ✅Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына – тұрақты, 1 бірлік. ✅ Тарих пәні мұғалімі - тұрақты; ✅ География пәні мұғалімі (0,5 бірлік)- тұрақты; ✅ Математика пәні мұғалімі (1 бірлік) - уақытша (01.01.23 дейін); ✅ Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі (1 бірлік) -уақытша (01.01.23 дейін); ✅ Көркем еңбек пән мұғалімі (0,5 бірлік)-уақытша (01.01.23) ✅ Біліктілікке қойылатын талаптар: ?Тиісті бейін бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімін растайтын құжат ?Құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 23 тамыз - 31 тамыз аралығында жүргізіледі. ?Еңбек ақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына қарай төленеді. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды. 1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. ?Конкурсқа қатысу үшін: Конкурстық комиссияның қарауына құжаттар Мақат ауданы, Доссор кенті Махамбет Өтемісұлы көшесі 3, мекен-жайы бойынша қолма-қол немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасы арқылы қабылданады. Анықтама үшін телефон: 8 (71239)2-13-98