С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының Қамқоршылық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ
Өтілген күні: 28 наурыз 2019 жыл
Қатысқандар: Комиссия төрағасы Хасанов Қайрат
- Комиссия мүшесі Успанова Айсауле
- Комиссия мүшесі Есехаева Гүлжазира
- Комиссия мүшесі ата-ана Уразгалиева Алмагүл
- Комиссия мүшесі ата ана Қондыбаева Гүлнар
- Комиссия мүшесі ата ана Байбосынова Гүлнар
- Комиссия мүшесі ата ана Баймукашева Гүлназ
- Комиссия мүшесі ата-ана Анесова Айкөркем
- Комиссия мүшесі ата-ана Сейдахметова Рая
- Хатшы : Абатова Э.М.
Күн тәртібінде:
- Аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек
- Әлеуметтік осал топ балаларының ыстық тамақпен қамтылуы
- Жетім балалар, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасынан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру
- Мектеп оқушыларының түрлі жарыстарға қатысуына демеушілік жасау.
- Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелерді жалпылама түрде Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қ.Хасанов отырысқа қатыстырушыларды таныстырды.
- Бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Есехаева аз қамтылған, көп балалы, жартылай жетім, жетім отбасына жататын оқушыларды Доссор кентінде Мереке ғимаратында орналасқан «Арзан» дүкені оқушыларымызды мектеп формасымен, Мақат аудандық аурухана мектеп құралдарымен, «AGIP» компаниясы сумкамен қамтамасыз еткенін және «Мектепке жол» акциясы жалғасатындығы туралы айтты.
- Екінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңес мүшесі Р.Сейдахметова мектептен бір мезгіл берілетін ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушылары түгел, 5-11 арасындағы әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар қамтамасыз етілетіндігі, ыстық тамақтың сапасы туралы айтып өтті.
- Үшінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің мүшесі А.Успанова Жетім балалар, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасынан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударды. Мектеп жанынан ашылатын жазғы лагерьде екі ауысымда жетім балалар, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасынан шыққан 100 оқушы қамтылады, және де осы санаттағы балалар жыл бойы басқа қалалардағы сауықтыру лагерьлерімен қамтылып отыр.
- Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Г.Баймукашева мектеп оқушыларының түрлі жарыстарға қатысуына кәсіпкерлер мен кәсіпорындардан демеушілік жасауға көмек сұралады.
Қаулы
- 2018 жылы мектеп жанынан құрылған Қамқоршылық кеңесі аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек беру бойынша жұмысы жандандырылып, атқарылған жұмыстар жүйелі жоспарлансын.
- Әлеуметтік осал балаларының ыстық тамақпен қамтылуы үнемі назарда болсын
- Жетім балалар, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасынан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары жүйелі жоспарлансын.
- Мектеп оқушыларының түрлі жарыстарға қатысуына демеушілік жасау мәселесін шешу бойынша жолдар қарастырылсын.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Қ.Хасанов__________
Қамқоршылық кеңес мүшелері: А.Успанова__________
Г.Есехаева__________
А.Уразгалиева__________
Г.Қондыбаева__________
Г.Байбосынова__________
Г.Баймукашева__________
А.Анесова__________
Р.Сейдахметова__________
Қамқоршылық кеңес хатшысы: Э.Абатова__________