С. Шарипов атындағы Доссор мектеп – интернаты бойынша 2019-2020 оқу жылындағы 1-4 сыныптар және аз қамтылған оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу туралы МӘЛІМЕТ
С. Шарипов атындағы мектеп – интернатында жалпы оқушы саны 483, оның ішінде 244 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оқушылар екі ауысымда тамақтанады. 1 – 4 сынып бойынша барлық 179 оқушы түгелдей қамтылса , 5 – 11 сынып аралығында 65 аз қамтылған оқушылар тамақтанады. Мектеп – интернат асханасы 150 орынға арналған, буфеті жоқ. Тамақтың сапасы мен асхана тазалығына жауапты дәмбике А. Құлмағамбетова және аға аспазшы Г. Галиева. Оқушыларды ыстық тамаққа апарып әкелуге жауапты мектеп мұғалімдері және мектеп әкімшілігінен кесте бойынша кезекшілер тағайындалған. Асханада дұрыс тамақтану туралы бұрышы бар.