Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан  халқына жолдауы аясында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданған болатын.

 

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылып, жұмыс жасай бастады. Аталмыш бағдарлама аясында С.Шарипов атындағы мектеп-интернатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» 2019 жылдың қаңтар айынан бастап өз жұмысын бастады. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының  басты мақсаты мектебіміздегі барлық қызметкерлеріміздің өз уақытын үнемдеуі, атап айтқанда электрондық үкімет порталынан онлайн режимінде қызмет алу.

 

Қазіргі таңда мұғалімдер электрондық үкімет порталында азаматтардың жиі пайдаланатын қызмет түрлері – жылжымайтын мүліктерінің бар-жоқтығы туралы анықтамалар, мекен-жай жөніндегі немесе соттылығының болу-болмауы анықтамалары, зейнетақылардың аударымы туралы анықтамалар және тағы да басқа анықтама түрлерін мектеп қабырғасында жүріп алуда. Электрондық цифрлық қолтаңбаларының мерзімдері өткен  мұғалімдерге қосымша ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

 

 Өз уақытыңызды үнемдеп «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» тиімді пайдалана біліңіз!