Тақырыбы «Үмітін елдің арқалап, Арманнан туған рәміздер!»
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
- Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Көрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба-белгілер.
Сабақ түрі:Әңгімелеу
Сабақтың барысы
Қазақстан бүгін өз тәуелсіздігіне ие болып, уақытпен бірге қарыштап алға ұмтылуда.
ҚР Конституциясында : «рәміздерге құрметпен қарау керек» делінген.
Рәміздерге : Әнұран, Ту, Елтаңбамыз жатады. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық заңмен белгіленген.
Тәрбие сағатымыздың «Үмітін елдің арқалап, Арманнан туған рәміздер» деп аталып, осы рәміздерге байланысты болмақ.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Доссор туралы видео көрсету.
Қазақстан Республикасы –біздің туып өскен жеріміз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.
Біздің Отанымыз.
Отан дегеніміз не?
-Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.
– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз.
Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан –жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді
-ия, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:
- Отан отбасынан (басталады)
Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде пашта
3. Туған жердің түтіні де тәтті
4. Әркімнің өз жері – жұмақ
5. Отан оттан да (ыстық)
6. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл)
7. Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті
8. Ел іші - (алтын бесік)
9. Туған жерге туын тік - Ағаш өскен жерінде, адамның жаны туған елінде
- Абыройлы анаң да – Отан, Асқар таудай әкең де – Отан
- Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
2.Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұғыш Президенті болып қашан сайланды?
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
- «Президент» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Қазақстан туралы карта, 14 облысты құрастыру
Қандай елдің картасын құрастырдық ? Қазақстан қандай ел: тәуелсіз егеменді ел.
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Осы мемлекетімізді қайдан білеміз? Олардың рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер дегеніміз, бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін белгілер. Олар Қазақстан Республикасының туы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының әнұраны.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.
1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар
- «Көк аспан» тобы Мемлекеттік Ту туралы,
- «Алтын дән»тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы
- «Қыран»тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған деректеріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығамыз.
«Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.
Әрбір оқушы рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылатынын сезініп, мемлекеттік нышандар туралы терең білім болуға міндетті.
Топтарға тапсырма
7- тапсырма
Интернетті пайдаланып мәлімет іздеу
- «Алтын дән» тобы елтаңба туралы постер құрастыру.
- «Көк аспан» тобы ту туралы постер құрастыру.
- «Қыран» тобы әнұран туралы мәлімет жазу.
«Көк аспан» тобы тұғырлы Туымыз туралы жинаған деректерін ортаға салады.
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың белгісі. Көк түс –Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ағаш сабына бекітілген тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою-өрнек алтын түсті. Тудың авторы: Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз. 1992 жылы 4-маусымда Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Туды сүйіп тұрып «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі сөнбесін!» деген.
Ән: Көк тудың желбірегені
«Алтын дән» тобы еңселі Елтаңбамыз туралы:
Ал бүгінгі таңба Елтаңбамызда не бейнеленген екен, соған тоқталайық, ол үшін сөзді «Алтын дән» тобының мүшелеріне берейік (Экраннан мемлекеттік елтаңба, оның авторларының суреттерін көрсетіп тұрады)
Біздің Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шанырақ мемлекеттің түп- негізгі отбасының бейнесі. Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Бидай Отанымыздың байлығы. Елтаңбаның авторлары: сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов.
Ән: Елтаңбасы елімнің
«Қыран» тобы асқақтаған Әнұран.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Әнұранды түрегеліп тұрып тындайды. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Ән: «Тәуелсіз ел ұраны»
Мұғалім:
- Міне, балалар, өздерің айтқандай, мемлекеттік туымыз бүгінде БҰҰ-ы ғимараттарының алдында, әр түрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал алпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып жатқаны қаншама. Эверест - бұл әлемдегі ең биік тау, ол 8,8 км-ден артық. Ол Еуразияда, таудың өзі (шыңы) Қытай мен Непалдың арасында орналасқан.
Біздің мектептегі өмірімізде де мемлекеттік ту ерекше орын алады.
Ең бастысы –біз Қазақстан деген ортақ үйімізде әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәитижесінде тату тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Туымен - Тұғырлы, Елтаңбасымен - Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»
Н.Ә.Назарбаев.
- Атырау қаласына барғанда қай жерлерден ілулі тұрған туды көрдіңдер?
6. Біздің ауылымызда ше?
15.Поэзия минуты
Елтаңба
Өр қанатты сұңқардың
Қанатымен шырқар кім?
Қазақстан – Отаным,
Әлем білген атағын.
Жарқыраған әр таңда
Мемлекеттік Елтаңба.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Елтаңбасы елімнің
Ту
Айнымайды аспаннан Мереке бүгін бақ күні
Біздің тудың бояуы Егеменді елімнің
Оны халық қашанда Желбірейді көк туы
Биікке іліп қояды. Түсіндей боп көгімнің
Әнұран
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты
- Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұра
Таң қар Ұн
Аң ар нан
- «Кім зерек?» тапсырмасы.
Мұғалім: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
- Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
2. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3. Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)
Сіздер, тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
«Кім болам?» тақырыбына шығарма жазыңдар, суретпен айтуға да болады.
Болашақ Қазақстанды дамытатын бүлдіршіндер! Сіздер өз елдеріңізге қандай жақсылық жасайсыңдар? Оқушылардың арманын тыңдау.
Ән: «Болашағы біз елдің»
- Ойын «Жауабын тап»
Ережесі: Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керек
Елтаңба – не? (шаңырақ,тұлпар, Қазақстан, егін, жұлдыз, т.б )
Ту – қандай? (көгілдір, төртбұрышты, әдемі, белгілі)
Әнұран – не істейді? (шырқайды, айтады, жаттайды)
Сонымен, балалар, мемлекеттік белгілерді, нышандарды құрмет тұтып-әрбір қазақстандық азаматтың міндеті екенін ешқашан ұмытпаған жөн.
Мұғалім.
- Қазір бәріміз орнымыздан тұрып біздің еліміздің Мемлекеттік әнұранын орындайық.
Рефлексия
Жемістер арқылы бүгінгі күннің рефлексиясын жасау.
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!
Бірге:
- Көздің қарашығындай сақтауға:
- Құрметтеуге:
- Мақтанышпен қорғауға уәде береміз!
- Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз:
Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз
5-бөлім. Білімдінің көзі ашық.
– ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
– Еліміздің бас қаласы
– ҚР президенті
– ҚР туының авторы
– ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы.
– Әнұранымыздың авторлары: Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
– Еліміздің көрікті жерлері
– Отан туралы өлең
– Отан туралы мақал-мәтел
- ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген. Нешінші бабында? 9 бап.
- Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.Нешінші бапта? 34 бап
Сұрақ –жауап.
- Әнұранның авторлары кім ?
/ Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев,Ш Қалдаяқов./
- Жаңа әнұран «Менің Қазақстаным»алғашқы рет қай кезде орындалды
/2006 жылы 11 қаңтарда /
- Мемлекеттік әнұран орындалған кезде қатысушылар қалай тұру керек ?
/Қатысушылар орнынан тұрып айтады,тыңдайды,бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.
4.ҚР мемлекеттік Әнұранының мәтіні мен музыкалық редакциясын басқа музыкалық шығармалардың және өзге де өнер туыңдыларының негізі ретінде пайдалануға болады ма ?
/болмайды /
5.Тудың авторы кім ? / Ш акен Ниязбеков./
6.Тудың түріне қандай сипаттама бересіңдер ?
7.Тудағы күн ,бүркіт нені білдіреді? /Байлық пен берекенің белгісі ,күннің шұғыласы өсіп тұрған астық дәндерін бейнелейді.
8.Мемлекеттік ту қандай жерлерде тұрақты орналасады ?
/Республикалық Президент Сарайында .Парламент,Үкімет үйінде,мемлекеттік мекемелерде./
Туды зерттейтін ғылым /Виксикология /
Елтаңбаны зерттейтін ғылым /Геральдика/
9.Елтаңбаның авторы кім ?/Жандарбек Мәлібеков.,Шота Уалиханов.
10.Елтаңбаның басты нышаны ?/шаңырақ/
- Шаңырақтын астында тұратын екі сызық қалай аталады ? /Басқұр/
12.Елтаңбада қолданылған негізгі бояуы қандай ? /Алтын түстес/
https://sharipov.edu.kz/kz/zha-aly-tar/113-mitin-eldi-ar-alap-armannan-tu-an-r-mizder.html#sigFreeId5b6fd61f74
https://sharipov.edu.kz/kz/zha-aly-tar/113-mitin-eldi-ar-alap-armannan-tu-an-r-mizder.html#sigFreeIdf05f9c21e3