Мақсаты:Білімділік – оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, әдепті т.б. адамдық қасиетерді игеруіне ықпал ету;
Тәрбиелілік – адамгершілік құнды сапаларды оқушылар бойына сіңіру, ұлтжандылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру, топпен жұмысқа тәрбиелеу;
Дамытушылық – ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.
Көрнекілігі: бейнепроектор, жүрек макеті, жағдаятты кәртішкелер, шар, түрлі-түсті гүлдер
Барысы
Мұғалім:
-Сәлеметсіздер ме, балалар, көңіл- күйлерің қалай?
Сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне жинала қояйық.
Шаттық шеңбері
Жүргізуші:-Балалар, «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» дегендей, әдепті адамға ең алдымен сәлемдесу қажет. Әрбір халықтың сәлемдесу әдебі бар екен. Қытайлар қолдарын қысып, басын иіп амандасады екен. Айтқан сөзінің мағынасы, яғни ол «Қарныңыз тоқ па? Тамақ ішесіз бе?» дегені екен. Ал енді ауған халқы бастарын ұстап амандасады екен. Ол «Бастарың аман ба?» дегені екен.
Ал біздің қазақ халқы қалай амандасады? Иә, өте дұрыс. Біздің халық төс қағыстырып амандасады. Қане, бәріміз бір-бірімізбен амандасып алайық.
(бәрі осылайша амандасады).
Жүргізуші:Ал, енді амандасып болсақ, мына үстел үстінде 3 түсті қима қағаздар тұр. Оның ішінде әннің тақырыбы жазылған.
Енді, балалар, кімге қандай әннің тақырыбы түсті? Қолдарыңыздағы тақырыптары бірдей әндері барлар топтаса қойыңыздар.
Топтасып болсақ, қолымыздағы әніміздің тақырыбы бойынша ән шырқап, орнымызға отырайық.
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді: «Достық», «Мейірім», «Инабат».
Жүргізуші: Жақсы, рахмет, орнымызға жайғасып болсақ, үйге қандай тапсырма беріліп еді?
Әр топ ортаға шығып, жағдаятты сахналаймыз. Қалған топ талдайсыздар.
1-топ. Мектеп дәлізіндегі әдептілік («Достық» тобы)
2-топ. Көшедегі әдептілік («Мейірім» тобы)
3-топ. Мәдени-көпшілік орындағы әдептілік («Инабат» тобы)
Осы жағдаяттар бойынша әр топ көрініс сахналап, қалған топтар бір-бірінің көрінісін талдап, өз ойларын айтады.
Жүргізуші: Міне, балалар, өздеріңіз сахналап талдап отырған жағдаяттарыңыз осы өмірде кездеседі екен.
- Өз іс-әрекетіңізден ұялған кезіңіз болды ма ?
- Әдепті адам бойында қандай қасиеттер болуы қажет?
Диас: Әдептілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі,сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
Аяулым: Мен Диастың пікіріне қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма? Әдептілік дегеніміз- өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе-әдепті.
Мұғалім: «Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала».
«Әр жастың әдепті, инабатты, сыпайы болуы әр адамның өзіне байланысты екен» деген ой осыдан шықса керек. Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Әдептілік - адамгершілік бастауы» деп аталады.
- Адамгершілік деген не?
- Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
Қандай ой түйеміз?
І топ
- Дәлізде жүгірмей мәдениетті жүру керек.
- Үлкендерге орын беру
- Кішілерге ізет көрсету
- Дауыс көтеріп айқайламау
ІІ топ
- Сабаққа кешікпеу
- Тыныштықты сақтау
- Амандасу
ІІІ топ
- Ең алдымен таза, үйлесімді киіну керек.
- Кешікпей бару керек.
- Кешіксеңіз, көрермендерден кешірім сұрай отырып, өз орныңызды табыңыз.
- Қатты қол шапалақтап, ысқыру – әдепсіздік белгісі.
- Концерт аяқталмай орныңнан тұрып кетпеу керек.
- Қоғамдық орындарда тыныштық сақтау керек.
Жаңа ақпарат ( сахналау)
Автор:Біздің қазақ халқы ерте кезден-ақ адамгершілікті жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Бүгінгі тақырыбымызды әрі қарай өрбіту үшін мен сіздерге мынадай аңыз әңгіме айтайын.
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрады. Қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді. Оқып басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Сіз зор біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйтіп тұрып жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? – деп сұрайды.
Сонда ғалым не деп жауап берді деп ойлайсыздар?
Ғалым: - Ешбір ғылым-білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде мен одан әдепсіз болып көрінсем лайық па ? – деген екен.
Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс-әрекеті арқылы көрінеді?
Міне, осы әңгімеден-ақ біз адам баласының әдептілігі жоғары болса, ол адам бойында адамгершілік, сыпайылық, мейірімділік,т.б. жақсы қасиеттер болатынын ұқтық.
Оқымысты: Ерасыл
Бай: Бекжан
Жарлы: Мансур
Айымның жауабы:
«Әдептілік, ар-ұят-
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез, тағы жат-
Надандықтың белгісі». дегендей
Суретпен жұмыс
Бүгінгі сабақ тақырыбын кеңірек меңгеру мақсатында суретке назар аударайық.
Әдептілік әліппесі ( суретпен жұмыс)
- Адамгершіліктің қатып қалған қағидасы жоқ, бірақ негізгі қағидалары қандай?
1 оқушы: Әділет. Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.
Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық т.б.
2 оқушы: Мадина. Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
3 оқушы: Ризабек Әділ болу – адамгершіліктің асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне, қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
4 оқушы: Елнұр Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
Имандылық. Әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды. Ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
5 оқушы: Нұрсұлу Кешікпеу. Бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге кештерге кешігіп бару – барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
6 оқушы: Бекжан Сабырлылық адам бойына екі жолмен дариды: бірі - туа біткенінде, екіншісі –адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала – қашанда ата-анасының мақтанышы.
Жүргізуші: Адамгершіліктің басты қағидаларын орындау –адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?
7 оқушы: Самал Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамастан заң алдында бірдей.
Мақал-мәтелдің жалғасын табу
Тақтамен жұмыс
Ситуациялық жағдай. (тақтадан сурет көрсету)
Әдеп
Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.
Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.
Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.
-Ал балалар сендер не істер едіңдер?
-Арманның істеген ісі дұрыс па?
- Әдептілікке жата ма?
Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.
-Ал біз, осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен , бал тілінен бойымызға сіңіреміз.
-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.
-Ал ,балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады?
-Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы?
-Демек, бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен.
Мектептегі әдептілік.
- Сабақтан кешікпе,сабақтан себепсіз қалма.
- Мектепке келгенде әуелі мұғалімге,содан соң жолдастарыңа сәлем беру.
- Сыныпқа үлкендер кірсе, бәріміз орнымыздан тұрамыз.
- Сабақ кезінде тура қарап отыр, сабақ үстіндебір-біріңізбен сөйлесуге болмайды.
- Партаңды дұрыс пайдалан, оған ештеңе жазба.
- Залда жүгірме т.б
Не істеуге болмайды?
- Үлкендерің алдынан кесіп өтуге болмайды.
- Кішкене баланы жылатуға болмайды.
- Құстарды атуға болмайды.
- Қыз баланы ренжітуге болмайды.
- Сабақтан кешігуге болмайды.
Жүргізуші.Енді осы сабақтан алған білімдеріңді қорытындылау мақсатында сіздер мына сұраққа жауап беріңіздер.
Түйін сөз
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі сабағымызда өз ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Адамгер-шіліктің қатып қалған қағидасы жоқ. Әр адам адамгершілікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғатынан бойына сіңіреді. Сіздер өмірде қиындыққа мойымай, еш кедергісіз алға қадам басыңыздар. Ғабиден Мұстафин «Адамшылықты айта бергеннен гөрі көрсете біл» деген. Біздің мектебімізде адамгершілігі мол оқушылар көбейе берсін деп сабағымыз-ды аяқтаймыз.
1 оқушы: Әділет. Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.
Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық т.б.
2 оқушы: Мадина. Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
3 оқушы: Ризабек Әділ болу – адамгершіліктің асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне, қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
4 оқушы: Елнұр Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
Имандылық. Әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды. Ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
5 оқушы: Нұрсұлу Кешікпеу. Бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге кештерге кешігіп бару – барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
6 оқушы: Бекжан Сабырлылық адам бойына екі жолмен дариды: бірі - туа біткенінде, екіншісі –адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала – қашанда ата-анасының мақтанышы.
Жүргізуші: Адамгершіліктің басты қағидаларын орындау –адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?
7 оқушы: Самал Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамастан заң алдында бірдей.
Айша
Ана айты бір өсиет баласына
Бір жолдың шығарып сап саласына.
Ей, балам шамаң келсе жақсылық ет,
Ақпейіл адамзаттың арасына.
Егерде жол үстінде тікен жатса,
Кірер деп аяғына біреу басса,
Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста.
Бұл еңбегің қалмасты басқа, бекер
Соны көрген соңғы жас солай етер.
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,
Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.
https://sharipov.edu.kz/kz/zha-aly-tar/114-deptilik-adamgershilik-bastauy.html#sigFreeId4b564f0227