Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 28 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз. Отанды сүюге,

ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; еліміздің тәуелсіздік алғалы 28 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру; бүгінгі Тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу мақсатында С.Шарипов атындағы мектеп-интернатында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған онкүндіктің іс-шара жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша 11 - желтоқсанда «Жас Ұлан» балалар ұйымына үздік оқушыларды қабылдау рәсімі өткізілді. Апта бойы барлық сыныптарда сынып сағаттары, тәрбие сағаттары және мерекелік шаралар өткізілді. 13 - желтоқсан «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынымыз Мемлекеттік Гимнмен ашылып, оқушыларға Тәуелсіздік туралы мәліметтер берілді. Жиынға мектебіміздің дарынды оқушылары белсене атсалысты.