Мектеп қабырғасындағы жас шәкірттерді қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға сыни көзқараспен қарап бағалауды әзіл-сықақпен жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында
мектебімізден құрылған 6 сынып оқушылары "Қазақи жастар" және 5сынып оқушылары "Сыныптастар" командалары құрылды. Мақат аудандық Көңілді тапқырлар клубының ұйымдастыруымен 2019 жылдың сәуір айында бастау алған Доссор Супер лигасы ойынына екі командамызда қатысып финалға өткен болатын. Финал 2019 ж 21 желтоқсанда Доссор мәдениет үйінде өтті. Ойын сәлемдесу, сұрақ-жауап және жұлдызбен көрініс сайыстарынан тұрды. 5 құрама сынға түскен ойын тартысқа толы болды. Жұлдызбен көрністе "Қазақи жастар" командасына "Жерұйық" командасының капитаны Рахмашев Шыңғыс және "Сыныптастар" командасына "Маями" командасының мүшесі Мирлан Бекарыс келіп оқушыларымызға қолдау көрсетті. Сайыс қорытындысында финалдық ойында финалист атағын "Сыныптастар" командасы иеленіп, "Қазақи жастар" командасы 3орын алса, "Үздік ойыншы" атағын "Сыныптастар" командасының мүшесі Болат Ерасыл жеңіп алды.
https://sharipov.edu.kz/kz/zha-aly-tar/133-ktk-super-ligasy.html#sigFreeId1b007d8dcf