Аудандық білім беру бөлімінің 2020 жылдың 27 қаңтардағы №09-04-01/158 санды хатына сәйкес, С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатында 27.01-27.02 аралығында өткізіліп отырған "Мектеп асханасы" республикалық алдын алу іс-шарасы аясында эксперттік топ құрылып мектеп асханасының жай-күйі жан-жақты зерделенді. Зерделеу барысында асхана қызметі жан-жақты қаралды. Нәтижесінде тамақтану сапасы, перспективалық мәзір, тағамдардың сақталу жағдайы, сақтау мерзімі талапқа сай екендігі, ас мәзірінде құнарлы дәрумендерге бай жемістер мен көкөністер, сүт, сүзбеше, жеміс шырыны, балық, ет қосылған бірінші және екінші тағамның талапқа және мәзірге сәйкес беріліп отырғаны анықталды.