Ағымдағы жылы қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өткелі отыр. Осыған орай білім беру үйымдарында «Абай әлеміне саяхат» клубын құру жоспарланған болатын. Осы жоспарға сәйкес С.Шарипов мектеп-интернатында «Абай әлеміне саяхат» клубы құрылып, ашылу салтанаты болып өтті. Клуб жетекшісі Қуандық Сансызбайұлының ұйымдастыруымен өткен шарада Абай ақынның 11 қара сөзі үш тілде жатқа оқылып, 15 тен астам өлеңдері жатқа айтылды. Сонымен қатар ән айтылып, би биленді, «Біржан сал Абай ауылында» атты сахналық көрініс қойылып көрермен көзайымы болды. Мектеп кітапханашысы Гүлзада Ермекқызы Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған виртуалдық көрмемен таныстырды. Аталмыш шараны мектеп директоры Айбол Темірбайұлы ашып, клуб жұмысына сәттілік тіледі. «Абай әлеміне саяхат» клубының мақсаты өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беріп, ұлттық құндылықтарды насихаттау болмақ.