15.10.19 күні үстел тенистен 2006-2007 жылғы туған жасөспірімдер арасында Мақат аудандық ашық турнир өтті. Турнирге спортты серік еткен, Доссор спорт мектебіне тенис үйірмесіне қатысатын С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты жатақхана тәрбиеленушілері де қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Турнирде жұптық ойында Төлеген Мейірхан I орын, Қасым Асылхан III орын, ұлдар арасында Келбатыров Ақжол II орын, Іскендір Бекзат II орынды иеленді.