Жүктеу: Сақтықта қорлық жоқ (Өрт қауіпсіздігі туралы) (.pptx)
Кіріспе
Балалар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Сақтықта қорлық жоқ». «От» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес. Қандай зияны бар?
«Өрт – тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (Өрттің шығу себептері.
Статистикалық мәліметтер келтіру.
1. Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2. Шырпымен ойнаса;
3. Үтікті қосып кетіп қалса;
4. Газды ашық қалдырып кетсе;
5. От шашуларды дұрыс пайдалану
Көрнекіліктер: -Балалардың өрт туралы суреттері.
-Өрт сөндіру құралдарын салу.
-Суретті плакаттар.
-«Өртке қатысты» жадынамалар.
-Лозунгтер.
«Уақытты текке өткізбе, Тез хабар бер «101»-ге»
От: досың әрі жауың. Оттың адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Егер, отты тым асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орын толмас зор қайғы-қасірет әкелері хақ. Сондықтан да осы отырған әрқайыссымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен мұқият ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.
Балалардың отпен ойнауы-өрт шығуының кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт -тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.
«101»-ге ХАБАРЛАСУДЫ ҰМЫТПАҢДАР!
Енді өрт қауіпсіздігіне арналған турнирімізді бастаймыз
1. Викториналық сұрақтар қойылады
1. Неге өрт сөндіру қызметінің номері 01 деп ойлайсыңдар?
есте қалуы үшін
2. Өрт оттан басқа несімен қауіпті?
түтінді адам ішке жұтса есінен танып қалуы мүмкін
3. Жаңа басталып келе жатқан өртті немен өшіруге болады.
одеяло құм су өрт сөндіру құралы
4. Өрт сөндіру қызметіне хабарласқанда қандай мағұлматтарды айту керек аты жөнің, мекен - жайың, не жанып жатқандығын,
5. Өрт кезінде лифтіні неге пайдалануға болмайды.
түтін лифті шахтасын жиналып қалуы мүмкін
6. Жасанды шырша жануы мүмкін бе(жанады одан улы зат бөліп түтіндейді)
7. Бенгаль от шашуын қалай қолдану керек?
(шыршадан, жиһаздардан аулақ жерде, өзіңнен де ауаша ұстау керек)
8. Қандай өртті сумен өшіруге болмайды (электр құрылғылары жанғанда)
9. Орман өрті несімен қауіпті
(орман жойылады ондағы жануар зардап шегеді экологияға әсер етеді)
10. Неге құрғақ шөптермен жапырақтарды жағуға болмайды
(өрт тез тарайды тұрғын үйлерге ди тиіп кетуі мүмкін)
-Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған?
(себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы.)
-Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет.
(өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)
-Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?
(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта, багор, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек.)
-Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма?
( Болмайды. Себебі, сынған терезе арқылы үйге ауа келеді де, ол өрттің иодан әрі күшеюіне әкеледі).
-Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр жарығын қосу керек пе?
( электр қосқышты, разетканы пайдаланған кезде жалын шарпуы мүмкін, осының нәтижесінде газдың жарылысы болады).
-Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?
( өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды).
-Пешке от жағу кезінде қандай өрт сөндіру ережелерін сақтау қажет?
(отынды бензинмен, керосинмен жағуға болмайды. Пешке жанармай материалдарын салуға және балалардың отты тұтатуына болмайды..)
-Төгілген бензинді қалай сөндіруге болады?
( құм төгіп тастау қажет немесе қалың матамен жауып өшіру керек).
Кім тез киінеді?
Екі командадан бір - бір баладан шығып белгілі бір уақыт ішінде киініп дайын болуы керек.
Жағдаяттық сұрақтар
1. Сен жалғыз қалдың. Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?
3.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады. Не істейсің?
4. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің?
6. Қараңғы бөлмеге кіргенде газдың иісін сездің сенің іс әрекетің
Алау тобына:
-сендер түстен кейін сабаққа дайындалып отыр едіңдер, кенет асханадан өрт шықты. Өрттің жалыны күшті. Сен өз тобыңды 2қабаттан далаға қалай алып шығасың?
(схема 2 және 1 қабатты көрсету)
Жалын тобына:
-демалыс уақытында демалып жатырсыңдар. Сен кенеттен 2қабатта компьютер кабинетінен бастап өрт тұтанып жатқанын естідің. Өз тобыңды 3 қабаттан далаға қалай алып шығасың? (схема 3,2,1 қабаттарды )
Алау тобына :-Ұйықтап жатыр едің, кенет бөлмеде үтіктен тұтанып жанып жатқан матаны немесе киімді көрдің. Сенің іс -әрекетің...
Жалын тобына:- Сенің көзің қарсы үйден өрттің басталып жатқанын байқап қалды. Сен нендей әрекетке көшесің , қандай мәлімет бересің?
- ОТ ПЕН СУ ТІЛСІЗ ЖАУ-СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ.
Әр топтан 1-1 суретші шығып, сурет салады. Жұмыстарын таныстырып, қорғайды.
Топтың басқа мүшелеріне жұмбақ қойылады.
Жалын тобына:
-Жаурағанды күлдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от)
-Бір үйде тұрады екен 50 батыр,Үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр. (сіріңке)
-Көрмедім ешкім үйінде,
Қолданбас бұл бұйымды
Жазып қыртыс-қыртысын
Қонымды етер киімді.( үтік)
-Жалт-жалт етер,
Жалмап кетер. (от)
-Қалпағы бар, Жиегі жоқ
Аузы бар, иегі жоқ. ( шәйнек)
Алау тобына:
-Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық
Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып
Темір мен топырақ, тас суды жемес.
Басқаны жеп қояды қойсаң артып. (от)
-Кішкентай ғана мүсәтір,
Ол мүсәтір жоқ болса
Елдің бәрін мүсәпір. (сіріңке)
-Тұмсығы мықты,
Қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
-Желден желігеді,
Судан шегінеді. (от)
-Түймесін басқан,
Сәулесін шашқан. (электр шамы)
- «Ептілер» ойыны.
-Ойын шарты: Ойынға қатысушы арқасында өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына қарамай тез табу керек.
Шарты: Ойынға қатысушының арқасына өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына жапсырылған құралды дәл таба білуі қажет.
( слайд арқылы сурет көрсетіледі)
6.«Алғашқы жәрдем» көрсету.
-сынған, қан кету, жарақат кездегі алғашқы жәрдемді айтып түсіндіру.
8.Ойын
Шарты: Әр командаға берілген скакалкамен допқа дейін секіріп, скакалканы доптың орнына қойып, допты аяқтың ортасына қыстырып, командаға қайта жүгіреді де, эстафетаны береді.
- От қауіпі, сұрақтар қою
Ақерке: Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану;2. Пештің ақаулығы; 3.Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4.Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады. Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:
Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғаш затты салқындатады. Өрт қауіпсіздігі ережесі
ҮЙДЕГІ ӨРТ
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.
Сіздің әрекетіңіз:
- Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
- Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
- Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.
- Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.
- Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.
- Егер сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
- Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы, жиі демалу, жүрек айналуы, сананы жоғалту.
ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.
Сіздің әрекетіңіз:
- Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
- Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
- Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.
- Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
Тест. Өрт туралы не білдік?
Әр командаға тест сұрақтары таратылады
1. Өрт бола қалған жағдайда қай номерге хабарлаймыз?
• 03;
• 02;
• 01.
2. Өрт сөндіргіштер келді, эвакуация жасады, енді кімге өрт туралы хабарлауыңыз керек?
• милиция;
• жедел жәрдем;
• көрші.
3. егер түн ішінде оянсаңыз бөлмеңізде түтін алып кетсе сіздің әрекетіңіз
• көмекке шақыру;
• төсектен түсіп есікке қарай еңбектеу;
• тұрып алып жүгіру.
4. егер өрттен шығу мүмкін емес болғандағы сіздің әрекетіңіз
• бөлмеге кіріп түтін кіретін жерлерін дымқыл шүберкпен бітеп қою, көмек күту;
• өрттен қалайда шығуға әрекет жасау;
• терезені ашу;
5. есіктің арғы жағында өрт болып жатса бер жағынан неге саңылауларын бітеуіміз керек?
• Өрттен болатын шуды азайту үшін;
• Бөлмеге түтін кірмеуі үшін;
• Бөлмеге ыстық кірмеуі үшін.
6. өрт сөндіру машинасы жаныңыздан өтіп кетіп, таяу бір жерге тоқтаса сіздің әрекетіңіз
• Өрт сөндірушілердің назарын өзіңізге аударту.
• Өртті өз күшімен сөндіруге тырысу.
• Өрт сөндіру қызметіне тағыда хабарласу.
7. жабық есіктің ар жағында өрт болып жатқанын қалай білуге болады?
• Есікті ашып қарау.
• Көмекке шақыру.
• Есікті ұстап көру.
Мақал - мәтелдер жарысы
Командалар өрт туралы, сақтану туралы мақал – мәтелдер айтып жарысады.
1. Отпен ойнама, күйерсің.
2. Ойын түбі – от.
3. Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.
4. От жақпа - пісерсің,
Ор қазба – түсерсің.
5. Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – күйерсің.
6. От пен су – тілсіз жау.
7. Өзі саққа құдай жақ.
8. Сақ жүрсең сау жүрерсің.
9. Сақтықты сұңқардан үйрен.
10. Жау жоқ деме – жар астында.
Бөрі жоқ деме – бөрік астында.
Кім жылдам?
Жағдай: Түтін толған бөлме, 2 командадан бір - бір баладан шығып,
Түтін толған бөлмеден қалай шығатындығын көрсетуі керек.
Үстел үстіндегі дымқыл шүберекпен аузы мұрнын жауып жүресінен отырып жүру керек
«Басқатырмақ»
Командалар осы сөздің ішінен су, түтін, от, балта, оттегі, өмір, эвакуация, есік, терезе, бала, өрт сөндіру, сіріңке, күйік, газ, бригада, баспалдақ, дабыл, лифт сөздерін табулары керек.
Қорытындылау. Ұстаздар, оқушылар бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Екі топтың мүшелеріне көп-көп рахмет. Әділ қазыларға сөз береміз.
Бүгінгі сайыста топтарға жанкүйер болған көрермендерімізде бар. Сөз кезегін жанкүйерлердің өрт туралы тақпақтарына береміз.
Су қауіпі
- Су қауіпі, сұрақтар қою, рөлге түсіп көрсету
- Суда зиян шеккендерге алғашқы көмек
- Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.
Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек рөлге түсіп көрсету)
- белгі қойылған жерден аспаңдар!
- рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
- балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
- шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
- суда бұзықтық жасамаңдар;
- өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;
- таныс емес жерде шомылмаңдар.
14 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің бақылауынсыз жүзу құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Ыстық күн мен құмда «қыздырынып» болған соң салқын суға түсуге асықпаңыз.
Температураның тез ауытқуы қан тамырының қысқаруына, құлап қалуға әкеп соқтырады.
Егер бақытсыздық болған жағдайда есіңізде болсын! Зардап шеккен адамға тынысы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешікпей өмірге қайтаруға болады.
Зардап шегушінің басын бір жағына бұрып, аузын құмнан т.б. тазарту қажет, тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару қажет, осының барлығын 10 секунд ішінде істеу керек. Қан қысымының жиілігі мен тынысын анықтау қажет.
Жолда жүру ережелері
Автоинспектор: Балалар! Сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін мына тұрған балалардың есіне салып көріңдер.
1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
2. Жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
3. Егер жолдан өтуге үлгірмесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.
3. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.
4. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
5. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.
- Қортынды
Ақерке: Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның ішінде біз бүгін жолда жүру ережелерімен, су және от қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, алдын алу жолдарымен таныстық.
Еркеназ: Айналайын абайла
Жан- жағыңа қарайла
Жолда жүру ережесін
Есте сақта қалайда
Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық! Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.Сау болыңдар.
- Рефлексия
Ақерке: Қазір әрбір оқушының алдына қызыл, сары, жасыл тустер таратылады, сол арқылы сабақтың қалай өткенін көрсетесіңдер. Яғни, қызыл түс- жаман, сары түс- орташа , жасыл- өте жақсы.
https://sharipov.edu.kz/kz/zha-aly-tar/110-sa-ty-ta-orly-zho-rt-auipsizdigi-turaly.html#sigFreeIdd8082dc8a6